Атырау, 26 қараша 17:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екі ауданда әкім сайланды

710 просмотра

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 5 қарашада өткен Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдерінің пилоттық режимдегі сайлаудың қорытындысын шығарды. 

Екі аудан бойынша 34 сайлау учаскелерінде (Исатай – 15, Қызылқоға – 19)  сайлаушылар тізіміне 34497 сайлаушы енгізілді (Исатай – 15883, Қызылқоға – 18614).

Сайлаушылардың 56,0% дауыс берді (Исатай – 54,6%, Қызылқоға – 57,2%).

Аудандарда дауыс беру күні вахталық әдіспен жұмыс жасайтын сайлаушылардың дауыс беруіне жағдай жасалды (Исатай – 480, Қызылқоға – 66). Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар сайлаушыларға жағдайлар жасалды: олар үшін арнайы кабиналар, брайль қарпіндегі бюллетень мәтіні бар трафареттер, бұрыштар, аудиожазбалар, инвотаксилер, ұлғайтқыштар, құлақаспаптар, арнайы мәліметтер енгізілген компьютерлер болды.

Мүгедектігі бар сайлаушылар, науқас сайлаушылар, қарт сайлаушылар, оларды күтушілердің өтініші бойынша 552 адам үйден дауыс бері (Исатай – 238, Қызылқоға – 314).

Өңірлердің сайлау учаскелерінде 269 байқаушы сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін байқады (Исатай – 127, Қызылқоға – 142).

Сайлау заң талаптарына сәйкес өткізілді, заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Исатай ауданы бойынша:

Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы үшін сайлаушылардың 1327 дауысы берілді,

Муканов Рашид Тасанович үшін сайлаушылардың 2295 дауысы берілді,

Мусин Нұрым Бекежанұлы үшін сайлаушылардың 4934 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 35.

Сайлау қорытындысымен Нұрым Мусин Исатай ауданының әкімі болды. Ол 1980 жылы туған, Исатай аудандық мәслихатының төрағасы, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны .

Қызылқоға ауданы бойынша:

Азмуханов Канат Кадыржанович үшін сайлаушылардың 8556 дауысы берілді,

Жексенов Магжан Абызович үшін сайлаушылардың 892 дауысы берілді,

Салыков Сандибек Аманбаевич үшін сайлаушылардың 1137 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 56.

Сайлау қорытындысымен Қанат Азмуханов Қызылқоға ауданының әкімі болды. Ол 1981 жылы туған, Қызылқоға ауданының әкімі, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 қараша 2023, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.