Жұмыскер, Рембаза, Өркен ықшам аудандарының 17 көшесіне жаяу жүргінші жолдарын төсеу жұмыстары жүргізіледі Бұл туралы қала әкімі Шәкір КЕЙКИН Жұмыскер және Рембаза ықшамаудандары тұрғындарымен кездесуде айтты.
- Рембаза ықшамауданында - Ғарышкер, Гумаров, Қожахметов, Кенжебаев көшелері, Жұмыскер ықшамауданында - Бекмағамбетов, Қайыршақты, Жұмағалиев, Сақыпов, Ахметов көшелері, Өркен ықшамауданында - Шөреев, Сатыбалдиев, Бимақов, Ақан Сара және 15, 32, 33, 34 көшелерде жолдың бір жақ бөлігіне жаяу жүргіншілер жолы төселетін болады. Жұмыскер-2 ықшамауданындағы 27 көше мен Өркен-2 ықшамауданындағы 6 көшеге жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде, - деді Ш. Кейкин.
Кездесуден соң қала әкімі тұрғындармен бірге жаяу жүргіншілер жолы жоспарланған аумаққа барып, жауапты бөлім басшылары, жоба авторы мен мердігер мекемеге тапсырма берді.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Атырау әкімдігі парақшасынан алынған суреттер