Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған аламан бәйгеде Орлы ауылының тұрғыны Алтынбек ХАМИТТІҢ Қарақұс атты сәйгүлігі жеңіске жетіп, автокөлікке ие болды, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Айтпақшы, А. Хамиттің айтуынша, Қарақұс тұлпар осымен Батыс Қазақстанда өткен аламан бәйгеден екінші мәрте жеңісі. Бұған дейін Шыңғырлау ауданының 95 жылдық торқалы тойына орай өткен бәйгеде бас жүлде автокөлікті қанжығасына байлаған еді.
Қарақұстың қолтығын жаздырып, ал бәйгеге қосар кезде, оны әр күні аяңдатып, желдіріп, тұла бойын ауырлатқан ащы терін шығарып, бабына келтірген бапкерлері Қарағанды облысынан Мерей ИСИН және Алматы облысынан Жандарбек ӘЖІ.
Қай кезде қамшылап, қай кезде аттың басын тартуды білетін шабандоз Еркеш ЖАРЫЛҒАСҰЛЫНЫҢ да орны ерекше.
Жеңіс құтты болсын!
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Құрманғазы ауданы әкімдігі жолдаған суреттер