Бүгін, 5 қарашада Қазақстан Республикасының 17 облысындағы 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауы басталды. Атырау облысында сайлау өткізу үшін Исатай және Қызылқоға аудандары бекітілді.
Исатай ауданында 15 982 сайлаушы дауыс беретін 15 сайлау учаскесі дайындалса, Қызылқоға ауданында 19, 18 884 сайлаушы тіркелген.
Исатай ауданы әкіміне кандидаттардың аты-жөнін еске сала кетейік:
Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы, 1977 жылы туған, Исатай ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді. Ол өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде сайлауға түсті.
Мұқанов Рашид Тасанұлы, 1986 жылы туған, Исатай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді. «Қазақстан халық партиясынан» кандидат.
Мусин Нұрым Бекежанұлы, 1980 жылы туған, Исатай аудандық мәслихатының төрағасы. «AMANAT» партиясынан кандидат.
Қызылқоға ауданы әкіміне кандидаттар:
Жексенов Мағжан Абызұлы, 1972 жылы туған, Ойыл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді, өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға түсті.
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы, 1981 жылы туған, Қызылқоға ауданының әкімі болып жұмыс істейді, «AMANAT» партиясынан кандидат.
Салықов Сәндібек Аманбайұлы, 1982 жылы туған, Миялы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді, өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға түсті.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА