Махамбет ауданының білім бөлімінің З. Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебі жалпы сомасы 15 104 000 теңгеге 10 дана фортепиано бір данасын 1 510 400 теңгеден сатып алуды жоспарлаған.
Мониторинг барысында жоспарда көрсетілген тауардың орташа бағасы 651 544 теңгені құрайтыны анықталды. Еріктілер араласқаннан кейін тауардың бағасы өзгертіліп, 870 000 теңгені құрады.
Волонтерлермен мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу үшін және жұмыс барысын талқылап, жоспарлау үшін Атырау облысындағы Антикор орталығында жұмыс орны ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА