Атырау, 26 қараша 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мезгілсіз жауын

Бейнежазба
787 просмотра

Мақат кентіндегі С. Бекжанов көшесіндегі көпқатарлы 80 және 100 пәтерлік №13 «В», «Г» үй тұрғындары үйдің төбесі мен қасбетіне жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына шағым келтірді. 

- Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 40 жылдан асты. Содан бері еш жөндеу көрмегендіктен шатырымыз жарамсыз болып, үйіміздің жертөлесі мен подьездері жөндеуді қажет етіп тұр еді, - дейді тұрғындар. - Биыл бюджеттен қаржы бөлініп, шатыр мен қасбетін жөндеп, қалыпқа келтіреміз дегеніне қуанып қалғанбыз. Жұмыс жазда басталды, бірақ әлі бітер емес, айналғанда жаңбыр жауғанда пәтерлеріміз суға кетті. Төбеден аққан жаңбыр тамшылары үшінші қабатқа дейін жетті.

Қоғам белсендісі Ғазиз ҒАБДУЛЛИН күрделі жөндеу жұмысының баяу жүріп жатқанын, сапасы нашар екенін айтып сынға алды. Ал жақында ауданға келген іссапарында облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ жұмысты жеделдету керегін айтып, тапсырған еді.  

Айта кету керек, кенттегі аталған тұрғын үйлердің күрделі жөндеуіне 268 млн теңге бөлінген. Мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС жөндеуді тамыз айында бастады, қараша айының аяғында бітіруі тиіс.

- Тұрғындар шағымданғандай, шатырда жөндеу жасағанда жаңбыр жауып, пәтерлерге су кіргені рас, - дейді аудан әкімінің орынбасары Бекадил ЖАЙКИН. - Ал мезгілсіз уақытта орын алған табиғат құбылысына кім не істей алады? Мердігер жаңбырдан бүлінген пәтерлерді жөндеп беруге уәде етті. Егер олардың берген уәделері орындалмаса, тұрғындар келтірілген материалдық зиянды өндіру жөнінде сотқа шағымдануға құқылы.   

Ляззат ҚАРАЖАНОВА

Видеоны түсірген Ғ.Ғабдуллин

6 қараша 2023, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.