Непалда болған зілзаладан 120-дан астам адам мерт болды, ондаған тұрғын жарақат алды. Kazinform бұл туралы DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
4 қарашада, сенбіге қараған түні Непалдың батысында жойқын зілзала болып, 128 адам қаза тапты, ондаған тұрғын жараланды, деп хабарлады жергілікті билік.
Непалдың жер сілкінісіне мониторинг жасау және зерттеу Ұлттық орталығы 6,4 балдық зілзаланы тіркеді.
Олардың дерегі бойынша, зілзала эпицентрі Непал астанасы Катмандудан 400 шақырым жерде орналасқан Джаяркот ауданында болған. АҚШ геология қызметі зілзала магнитудасын 5,6 деп, Үндістан сейсмология орталығы - 6,4, Потсдамдағы немістің Геофизиканы зерттеу орталығы (Geoforschungszentrum, GFZ) 6,2 деп бағалады.
Үйінді астында әлі де адамдар бар екенін ескерсек, құрбандар саны артуы мүмкін.
БАҚ хабарлауынша, Непалдағы жерасты дүмпуін тіпті Үндістан астанасы Нью-Дели тұрғындары да сезген.
Үкімет іздеу-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін қауіпсіздік күштерін жіберді.
Непалда зілзала жиі болады. 2015 жылы 7,8 балдық жер сілкінісінен 9000-ға жуық адам қаза тауып, миллиондаған ғимарат зақымдалған болатын.