Ішкі істер органдарындағы халықпен етене жақын жұмыс істейтін қызметкерлердің бірі – учаскелік полиция инспекторлары. Азаматтардың сенімі - олардың жұмыс сапасына тікелей байланысты, өйткені учаскелік инспектор халық пен полиция арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып саналады.
Жыл басынан бері Атырау облысындағы учаскелік полиция инспекторлары 16939 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Оның ішінде қару сақтау ережесін бұзған - 338, отбасы тұрмыстық саласындағы құқық бұзған -1680, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу - 85, ұсақ бұзақылық - 27, қорғау нұсқамасын бұзу бойынша 28 деректі анықтаған. Бұдан басқа, 64 мүліктік қылмыс ашылды.
Тұрғындармен 698 жиын өткізген. Бұдан басқа, кері байланыс құралы ретінде танымал мессенджерлер пайдаланылып, әлеуметтік желіде парақшалар ашылған.
Бүгінде облыстағы учаскелік полиция инспекторлары үшін оңтайлы жағдай жасалды. Атырау облысы аумағында 96 учаскелік полиция пункттері халық үшін қызмет атқарады, оның ішінде барлық учаскелік инспекторлар 141 қызметтік көлік, бейнежетондар және электрондық планшеттермен жабдықталған.
Учаскелік пункттердің тұрғын үйлермен жақын салынуы оң нәтиже беріп отыр. Бұл халықтың арыз-шағымына дер кезінде көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Жақында ІІМ «Сіздің учаскелік полицей!» атты республикалық акциясын бастады. Акция үш кезеңде өткізіледі. Мақсаты - қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске бойынша ақпаратты толық иелену.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА