Атырау, 22 маусым 03:54
 дождьВ Атырау +21.8
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Бұл көліктер жол талғамайды

1 114 рет қаралды

3 қазанда Аққыстау ауылында жергілікті дәрігерлерге бес жедел жәрдем көлігі салтанатты түрде табысталды. Заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған «Соболь» жол талғамайтын көліктерінің көмегімен тіпті жол нашар болса да науқастарға жетуге болады.

- Біз үшін бұл өте жақсы жаңалық. Денсаулық саласына қашан да жедел жәрдем көліктері қажет. Бұл көліктер халық денсаулығы үшін қызмет етсін, - деді Исатай ауданының әкімі Полымбет ХАСАНОВ.

Аталған көліктердің бірі аудан орталығының емханасына берілсе, бірі Қамысқала мен Жасқайрат ауылдарына, енді бірі Тұщықұдық пен Қызылүй және Айбас ауылдарын қамтиды. Сондай-ақ Исатай мен Зинеден ауылдарына және Жанбай мен Нарын ауылдарына бір-бір көліктен беріліп отыр.  

Айта кетейік, жедел жәрдем көліктері жергілікті бюджет есебінен, медициналық ұйымдардың сұранысына қарай алынды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

4 қараша 2023, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.