Атырау, 26 қараша 18:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Атырау тарихында жасөспірімдер арасындағы бокстан алғашқы алтын

1 285 просмотра

Жандос АЛПЫСБАЕВ - Атырау облысында жасөспірімдер арасындағы әуесқой бокстан тұңғыш Азия чемпионы атанды. Бұл Атырау тарихындағы алғашқы жеңіс. Бокстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты 23 қазан мен 2 қараша аралығында Астанада өтті. Оған Азия елдерінің әртүрлі салмақтағы 2007-2008 жылғы боксшылары қатысып, бақ сынасты.

16 жастағы Жандос Қазақстан құрамасының атынан ел намысын қорғап, Моңғолия, Үндістан, Иран боксшыларымен (75 келі салмақ дәрежесінде) күш сынасып, өз қарсыластарынан басым түсті. Ол шаршы алаңдағы шайқасты моңғолиялық спортшы Билгүүн Эрдэнэчулуунмен бастап, үндістандық Сахил есімді қарсыласымен жалғады. Ал финалда Иран елінің Дара Ебадолрахман деген боксшысымен жекпе-жекке шығып, бірінші орынды еншіледі.
Жандосқа жүлделі орын үшін алтын медальдан бөлек 1000 АҚШ доллары сыйға тартылды.

Қазіргі уақытта Жандос бокстан облыстық кәсіби спорт клубында жаттығады. Ол №3 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде және облыстық олимпиадалық резервін дайындау орталығында спортшы.


Жандос өзінің маңдай терімен, білектің күшімен келген жеңісті тек өзінің емес, бапкерлерінің және жарыстың басы-қасында жүріп, әрдайым жанынан табылған, жан-жақты қолдау білдірген жандардың да табанды еңбегінің жемісі деп біледі.

- Мен барлық жанкүйерлерге, бапкерлеріме жеке жаттықтырушы Мейрамғали Арыстанұлы Әбсеновке, әр жекпе-жекке шықпас бұрын мені қолдап, ақыл-кеңесін айтып жүрген Атырау бокс федерациясының президенті Данбай Шухрат Абдурашитұлына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Бұл сол жерде болған, көмектескен, маған сенген барлық адамдардың жеңісі. Мен Шухрат Абдурашидұлымен жақында таныстым. Ол менімен чемпионатта қарсыластарыммен жекпе-жекке шығар алдында бірнеше рет кездестім, ол маған бірнеше рет қолдау сөзін білдірді, ақылын айтты. Мен олардың қолдауынсыз жарысқа қатысып, үлкен жеңіске жетуім екіталай еді. Бұл маған үлкен рух берді, олардың үмітін ақтағаныма дән ризамын, - дейді Азия чемпионы Жандос Алпысбаев.

Жандос боксқа сегіз жастан бастап қатысты. Азия чемпионы атағына дейін ол 2021 жылы өткен кіші жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионы және үздік боксшы атанған.

Анджела БРОДСКИХ

3 қараша 2023, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.