Атырау, 26 қараша 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алаш Орда туралы білгіңіз келсе...

Сурет
992 просмотра

Атырау облысы мемлекеттік архивінде «Алаш және Батыс Алашордашылары – архив деректерінде» деп аталатын архив деректерінен құжаттық көрме өтті.

Архив қызметкерлері АМУ студенттерін Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясының құрылуына қатысты материалдармен таныстырды.

Атап айтқанда, Батыс өңірдегі Алаш идеясының өсіп-өркендеуіне қатысты құжаттар, жаңа үкіметке байланысты Ойыл уезінде өткізілген жиылыс шешімдері, жазысқан қатынас қағаздары, Алаш партиясы атынан құрылтай жиналысына аталған депутаттар тізімі, Жалпықазақ съезі мәжілісінің хаттамасы, Халел, Жанша  Досмұхамедовтер, Асфандияр Кенжин, Батыс алашордашылар халықтық милициясында қызмет еткен Абиров Өтеғалидың құжаттары да көрермен назарына ұсынылды.

Шара барысында Алашорда туралы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның топ жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали АХМЕТ зерделеген ақпараттарымен бөлісті.

Көрменің жеке бөліміне сол кездегі Гурьев облысындағы балықшы колхоздарының кейінгі жылдардағы әлеуметтік-мәдени дамуы туралы экспонаттар қойылды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер облыстық архивтен алынды

5 қараша 2023, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.