Атырау, 26 қараша 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жас өрт сөндірушілер ант қабылдады

Сурет Бейнежазба
1 054 просмотра

Атырау қаласындағы «Жеңіс» саябағында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиын барысында ерлік пен даңқ нышаны саналатын жауынгерлік ту шығарылып, жас мамандар қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға ант етті. Сондай-ақ олар, ҚР Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, мемлекет мүддесін қорғауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге және мемлекеттік қызметші деген жоғары атақты абыроймен атқаруға ант берді.

ТЖД бастығының орынбасары Алмаз ТӨЛЕНДИН жас құтқарушыларға сәттілік тіледі.

- Сіздер бүгін ант қабылдай отырып, халқымыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікті алдыңыздар. Бұл ант сіздердің жүректеріңізде мәңгі сақталып, қызметте бағдар болады деген сенімдеміз, - деді А.Төлендин.

Салтанатты түрде ант қабылдағандар Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінің толыққанды қызметкері атанды. Бүгінде департамент 819 штаттық бірлікке толықты.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

3 қараша 2023, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.