Атырау, 14 қаңтар 22:28
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Алименттен жалтарған бостандықтан айырылуы мүмкін

1 126 рет қаралды

Мақат ауданының прокуратурасы алимент берешегі бар борышкерлерге қатысты рейдік іс-шара ұйымдастырды. Алимент төлемей қашып жүрген 2 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылса, 12 адамның көлік басқару құқығы тоқтатылды.

Жалпы шара барысында алимент төлемей жүргендерден 1 млн 777 мың теңге өндірілді. Прокуратура 2 айдан астам алимент берешегін төлемеген тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 139 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Бұл бапта екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қараша 2023, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.