Атырау, 26 қараша 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жеміс ағашы кейде жылына екі рет гүлдейді

1 062 просмотра

Атырауда күз түскенде жазда пісетін жеміс-жидек пен көктемде бүр жаратын жеміс ағаштары гүлдеді.

Бұған қуана таң қалған қала маңындағы Ақсай-2 ауылының тұрғыны "АЖ" редакциясына алма ағашы, бөртегүл мен таңқурайдың суретін жолдады. Бұл құбылысты ол соңғы күндері Атырауда ауа райының біршама жылы болып, күн шуағының төгіліп тұрғанымен байланыстырады.

Мамандардың бірінің айтуынша, бұл қалыпты жағдай. Соңғы кездері сатылымда жылына екі рет гүлдейтін жеміс ағаштарын кездестіруге болады. 

Оның айтуынша, Ресейде көгалдандыру шаруасы кеңінен таралған, жеміс ағаштары арнайы егіледі, ал жылына екі рет гүлдеу оның отырғызылатын материалына байланысты. Ал Ақсай-2 ауылының тұрғыны көшеттерді базардан сатып алған, оның қандай сорт екенін анық білмейді. 

Айнұр САПАРОВА

Ақсай-2 ауылының тұрғыны жолдаған сурет

3 қараша 2023, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.