Алматы полициясы көпқабатты үй терезесінен оқ атқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ер адамнан үш патронымен RETAY PT24 сигнал беру тапаншасы тәркіленген.
"Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі видео бойынша жедел әрекет ету аясында тұрғын үй кешендерінің бірінің балконында тұрып белгісіз тапаншадан аспанға екі рет оқ атқа Атырау облысының тұрғыны, 2000 жылы туған Х.-ны анықтап, ұстады", - деп хабарлады полиция.
Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері ұстаған ер адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.