Атырау, 26 қараша 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Тальго» өткен демалыс күндері Алматыға жете алмады

768 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

28 қазанда №41 Атырау - Алматы-2 (Тальго) бағытындағы жолаушылар пойызы техникалық вагонның дизель-генератор қондырғысының қуаты өшіп қалуына байланысты Шалқар стансасына қайтарылды.

Вокзалда және вокзал аймағында жолаушыларға тегін ыстық тамақ берілді. Пойыз электр механиктері ақауды жоюға кірісті.

Тасымалдаушы пойызды қалпына келтіруге техникалық көмек көрсету үшін «Тальго» вагондарын жөндеумен айналысатын компанияның мамандарын да жіберді. Пойыз жолаушыларын әрі қарай тасымалдау үшін Ақтөбе станциясынан 8 вагоннан тұратын пойыз (5 купе, 3 резервтік орын) жөнелтілді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрады.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

2 қараша 2023, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.