Атырау, 26 қараша 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраулық аңшылар көршілеріне киік атуға көмектесті

1 207 просмотра

Атырау облысының аңшылар бригадасы Батыс Қазақстан облысының аумағында киіктерді атуға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Экология министрлігі бұл жануарлардың көбейіп, ауылшаруашылық алқаптарына елеулі зиян келтіруіне байланысты ату туралы шешім қабылдаған еді. Бұл Батыс Қазақстан облысына, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарына қатысты.

Нәтижесінде соңғы кездері Атырау мен аудандардағы базар сөрелерінде киік еті пайда болды. Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ризабек ДӘУЛЕТОВТІҢ айтуынша, оны сатуға сатушылардың барлық рұқсат қағазы бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Азамат АЙТҚАЛИЕВТЫҢ мәліметінше, ет біздің облысқа Батыс Қазақстаннан «Асыл-Агро» ЖШС-нің екі кәсіпорнына түседі; оның айтуынша, өңделетін өнім көлемі «кәсіпорындардың мүмкіндіктеріне қарай болады».

– Жергілікті аңшылардың атуға қатысуына келсек, олар мұны облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының рұқсатымен жасайды. Осылайша Атырауда 30 адамнан құралған бригада жасақталып, олар Оралдан жақсы нәтижемен оралды, дейді Р.Дәулетов.

Vlast.kz басылымындағы әріптестеріміздің ақпаратына сәйкес, Экология министрлігі киік мүйізін шетелге сатуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта тиісті квотаны алу үшін құжаттар жолданған. Ал әзірше «популяцияны реттеу нәтижесінде алынған» мүйіздер «Охотзоопром» РМҚК бас кеңсесінде сақталады.

Айтпақшы, Атырау ауыл шаруашылығы басқармасы киік мүйіздерін «жауапты құрылымдық бөлімшелер» белгіленген талаптарға (штрих-кодтар, т.б.) сай жинап, 2025 жылға дейін сақтайтынын хабарлады.

Облысымыздың фаунасын ұзақ жыл бойы сырттай бақылап жүрген Атырау обаға қарсы станциясының эпизоотология және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу зертханасының бұрынғы меңгерушісі Федор САРАЕВТЫҢ айтуынша, біздің облыс арқылы киіктердің көшіп-қонуы жиі кездеседі.

– Олар біздің құмға Атырау облысының солтүстігінен келеді, – дейді Ф.Сараев. – Бұлар – Орал және Үстірт популяцияларының өкілдері.

Өңірімізде ауылшаруашылық алқаптарына зиян келген бе? А.Айтқалиевтың айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы субъектілерінен бұл мәселе бойынша шағым тіркелмеген.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Фёдор САРАЕВ ұсынған сурет

2 қараша 2023, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.