Жылыту маусымы басталғанда үнемдеу мәселесі әсіресе көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары үшін өзекті бола бастады. Бұған коммуналдық жылуды есепке алу аспаптарын орнату көмек болады.
Үйдің ортақ жылу есептегіші болған кезде жылу үшін төлем мөлшері ай сайынғы көрсеткіштер мен бекітілген тариф негізінде белгіленеді.
Есептегіш болмаған жағдайда жылу төлемақысының мөлшері әкімдік бекіткен есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну нормасын және тариф реттеуші бекіткен тарифті негізге ала отырып, есептеу арқылы айқындалады. Ал бұл жерде жылуды есепке алу құрылғысы жоқ тұтынушыларға есептеу құралына қарағанда жоғары тариф қолданылады.
Сонымен қатар, жылу есептегішін жүйелі түрде тексеру керек, әйтпесе жылу есепшоты есептегішіі жоқ тариф ретінде, яғни, жоғары есептеледі. Атыраудағы тұрғын үйлердің есептегіш құралдарын тексеру мерзімі көрсетілген құжатты Атырау жылу электр орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, тұрғын үйге жауапты тұлға сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты және температуралық кестеге сәйкес, атап айтқанда, температура жоғарылаған жағдайда (+) жылу энергиясын азайтып, ал азайған жағдайда (-) оны көбейтіп, жылу энергиясын тұтынуды реттеуі керек.
Бұл шаралар күн жылынған кезде сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты тұрғын үйдің ысып кетуіне жол бермеуге және тұтынушылардың жылу қызметінің төлемақысын төлеуде ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ