Атырау, 26 қараша 18:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көрнекті ақынды еске алды

Сурет
1 126 просмотра

Жылыой ауданында ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жылыой ауданының құрметті азаматы Аманқос ЕРШУОВТЫҢ 80 жылдығына арналған «Кең Жылыой - салқын самал саялым-ай» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис АЙШУАҚОВА құттықтау сөз сөйлеп, ақиық ақын туралы пікір білдірді. 

- Жылыой ауданы тек мұнайымен ғана емес, халқының кең пейілімен, өнегелі өнерімен де танымал болған өлке. Ұлы ақындардың асыл мұрасымен сусындап, оны тыңдап өскен Аманқос ағамыз ел мен жер тарихын, ауыл тұрмысын жырға қосқан айтулы сөз шебері болатын. Оның шығармашылығы - қазақ поэзиясына қосылған зор үлес саналады.  

Аға буындар қаламдас әріптестерінің есіл естеліктерімен бөлісті. Әдеби кеш «Азамат сөзі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасына жалғасты. Сайыс нәтижесінде, бас жүлдені атыраулық Нұрым Ерғалиев қанжығасына байласа, жүлделі І орынды Атырау қаласынан келген Гүлзада Ниетқалиева және ІІ орынды жылыойлық Сәулеш Шәтенова мен атыраулық Арман Жайықбаев иеленді. Ал үшінші орынға атыраулық Айнагүл Кемалиева, Бағыт Нұрлыбек және қызылқоғалық Ерасыл Аманғали ие болды. Қалған ақындарға алғыс хат пен арнайы жүлде табысталды.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі жолдады

2 қараша 2023, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.