Атырау, 26 қараша 17:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Жедел штаб оқу-жаттығуларға дайын, ал қала әзір болмай шықты

Сурет
675 просмотра

Сәрсенбі күні кешке Атырау қаласында жедел штаб өткізген жоспарлы «Жебе-Антитеррор-2023» оқу-жаттығулары әдеттегі кептелістерді одан сайын қиындатып жіберді.

- Мен Геолог жақтан айналма жолмен келе жатыр едім, - дейді үйіне 2 сағатта жеткен қала тұрғыны. – Химзауыт қиылысына кіре берісте үлкен кептеліс түзілді: автобустар, жеңіл көліктер, полицияның жыпылықтаған шамдары жанып, тәртіп сақшыларының өздері толып жүрді. Тізілген көліктерді кері қалаға қайтарып жатты. Қаланың өзіне тек СМП жақтан баруға болады. Бұл қиылысқа жетуге 40 минут уақытым кетті. Көліктер үш қатарда бір бағытпен жүріп барады. С.Датов бойында сәл жеңіл, бірақ «Уют» дүкенінен бастап, әрі қарай драма театры, Рахатқа - жолдың осы шағын бөлігінде тағы 30 минут жүрдік. Рахаттың жанында тағы бір пост - азаматтық жүк көлігі тұрды. Оны барлығы ережені бұза отырып, қос жолақ арқылы айналып өтуге мәжбүр болды. Басқа жол жоқ. Абай мен М.Өтемісов көшелерінің қиылысында жүйкесі жұқарып, шаршаған адамдар сигнал беріп, у-шу болып жатты...

Әріптестеріміздің хабарлауынша, дәл осындай жағдай қаланың басқа көшелерінде де сақталып отыр. ҰҚК-ге баратын жол жабылған, Сәтпаев пен Махамбет бойында посттар қойылған. Құрманғазы көшесіне өтетін жерде де қиындықтар бар.

Бұған дейін қала тұрғындары мен қонақтарынан болып жатқан жағдайға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұраған болатын. Жедел штаб енді бір жағдай бола қалса, лаңкестерге тойтарыс беруге дайын деп есептейміз, бірақ қаланың өзі, өкінішке орай, мұндай жаттығуларға дайын болмай шықты.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген А. Сапарова, А. Белова

2 қараша 2023, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.