Атырау, 26 қараша 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қала үрейленіп қалған еді, алайда бұл лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу болып шықты

586 просмотра

Атырау көшелерінде арнайы техника, қару-жарақ асынған сарбаздар және полиция көліктері жүрді: белгілі болғандай, 1 қарашада ҚР Терроризмге қарсы орталығының мұрындық болуымен өңірлік жедел штаб «Жебе- Антитеррор-2023» жоспарлы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр екен.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының лаңкестік әрекеттердің жолын кесуге, олардың салдарын барынша азайтуға және жоюға дайындығын тексеру.

«Осыған байланысты Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары мен қонақтарын болып жатқан жағдайға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

«АЖ» ПД баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТТЕН тұрғындарға әдеттегідей алдын ала емес, неліктен жаттығу өтетін күні хабарланғанын сұрады. Оның айтуынша, бұл жағдайда ешқандай заң бұзушылық жоқ. Заңға сәйкес, жаттығулар туралы ескерту хабарламаларын өтетін кезге дейін 3 сағаттан кешіктірмей жариялауға болады. Оған қоса, осылайша қызметкерлердің лаңкестік іс-қимылдар орын алған жағдайда әрекет ету жылдамдығы тексеріледі.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Әлеуметтік желіден алынған сурет

2 қараша 2023, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.