Атырау, 26 қараша 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

1 қарашадан бастап электр энергиясы тарифтері көтерілді

666 просмотра

«АтырауЭнергосату» ЖШС тұтынушыларға 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап Атырау облысында электр энергиясын сатуға жаңа бағалар енгізілетінін хабарлайды.

Электр энергиясының орташа тарифі ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 25,14 теңгені құрайды, бұл тариф әртүрлі тұтынушы тобы үшін сараланған бағадан тұрады.

жеке тұлғалар – ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 10,56 теңге;

заңды тұлғалар – ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 33,65 теңге;

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға – ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 46,61 теңге;

электр энергиясын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе өңдеу үшін пайдаланатын тұтынушылар, сондай-ақ «Атырау облысы Су Арнасы» КМК – ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ үшін 24,52 теңге.

Бір қызығы, тұрғындар үшін ең төмен, ал бюджеттік ұйымдар үшін ең жоғары тариф. Осылайша, мемлекет, шын мәнінде, тұрғындардың электр энергиясы төлемдерін субсидиялап отыр.

Жеке тұлғалар үшін сараланған тарифтер

айына 110 кВт-қа дейін

айына 110 кВт-тан 190 кВт-қа дейін

айына 190 кВт-тан жоғары

электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар (ҚҚС қоса алғанда бағалар жақшада көрсетілген)

10,01 теңге (11,21 теңге)

12,67 теңге (14,19)

15,84 теңге (17,74 теңге)

 

Жеке тұлғалар үшін сараланған тарифтер

айына 90 кВт дейін

айына 90 кВт-тан 170 кВт-қа дейін

айына 170 кВт-тан жоғары

электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар (ҚҚС қоса алғанда бағалар жақшада көрсетілген)

9,75 теңге (10,92)

12,67 теңге (14,19 теңге)

15,84 теңге (17,74 теңге)

Еске салсақ, маусым айында әлеуметтік желіде тұрмыстық қатты қалдықтар тарифі электр энергиясының тарифіне «жалғанады», ал қоқыс ақысын төлемегені үшін жарықты өшіріп тастайтыны туралы әңгіме қозғалған болатын.

Ал қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифтері жазда көтерілді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

2 қараша 2023, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.