Атырау, 26 қараша 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көп балалы отбасыға жылу берілді

702 просмотра

Құрманғазы ауданы Еңбекшіл ауылдық округі тұрғыны, көп балалы ана Людмила ЕСІРКЕНОВА жаңа салынған баспанасына жылу жүргізе алмай қиналып жүрді. Облыс әкімі Серік ШӘПКНОВ ауданға келген сапарында қабылдауында болып, мәселесін айтып көмек сұрады. 

Жуырда осы іске мұрындық болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ ЖҰБАНОВТЫҢ демеушілігімен және аудан әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВТЫҢ қатысуымен көп балалы отбасының баспанасына жылу жүргізілді. 

- Қуанышымда шек жоқ. Біз бұрын апатты үйде тұрдық, өз күшімізбен жаңа баспана тұрғызуға тура келді. Бірақ жылу жүргізуге шамамыз жетпей, қиналып жүргенбіз. Басшылар сөзімді жерге тастамай көмектесті, оларға алғысым шексіз. Үйіміз жып-жылы, - дейді Л.Есіркенова. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді Құрманғазы аудандық әкімдігі ұсынды

2 қараша 2023, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.