Атырау, 26 қараша 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда «Белсенді азаматтар» Telegram-чаты арқылы күніне 15 заң бұзушылық анықталып отыр

639 просмотра


freepik.com 

Осы жылдың 20 шілдесінде Атырау облысы полиция департаментінің бастамасымен жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін, сондай-ақ келеңсіз жағдайлармен қоғам болып күресу мақсатында Telegram әлеуметтік желісінде «Белсенді азаматтар» жұмыс чаты ашылған болатын. Аталған желінің көмегімен күніне 10-15 заң бұзушылық анықталып отырғаны белгілі болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.  

Аты айтып тұрғандай, чат қолданушылары әлеуметтік желі арқылы жолда өздері куә болған өрескел жол жүру ережелері бойынша фото-бейне жазба арқылы ақпарат жолдай алады. Ақпараттың ақиқаты анықталса, полиция тарапынан шұғыл түрде шара қолданылады. 

- Күніне 10-15 заңбұзушылық анықталып отыр. Айыптыларға қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығы бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушыны анықтап, хаттама толтырады. Сондай-ақ, полиция қызметкері заң аясында шешім қабылдайды және кейбір құқық бұзушылықтарға ресми ақпарат беру үшін сот шешімін күтуге тура келеді, - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет. 

Сондай-ақ оның айтуынша, бағдаршамдардың жұмыс істемеуі, жол белгілерінің бүлінуі, көлік кептелісі, тағы басқа да жол жүргіншілеріне кедергі келтіретін жағдайлар дереу назарға алынып, аталған чат халық үшін өз пайдасын тигізіп отыр.  

Telegram чатты облыстық ПД Жергілікті полиция қызмет басқармасы, жол қауіпсіздігіне жауапты қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны, жол белгілері мен легализация сұрақтарына жауапты қалалық ПБ Әкімшілік полиция басқармасы, қоғамдық орындар бойынша Атырау ҚПБ инспекторлары бақылауға алған. 

Қазіргі таңда Telegram чатқа 20 мыңға жуық қолданушы тіркеліп үлгерген. Қоғамдық тәртіпке негізделген әлеуметтік желідегі осындай топтың ашылғанына ризашылық білдіретін азаматтың қарасы көп.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қараша 2023, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.