2012-2013 жылы туған балалар арасында өткен ҚР күзгі чемпионатында атыраулық баскетболшылар үздік ойыншы атанды. Жас спортшылар үшін алғашқы чемпионатта әрі көшпелі алғашқы турнирде нәтижелі болып, біздің жігіттер үшінші орын алды.
Жарыс Ақмола облысы Щучинск қаласында 25-31 қазан аралығында өтті. Чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынады.
Бақыт Арсен (суретте), №40 мектептің 6-сынып оқушысы:
- Мен баскетболға 4-сынып оқып жүргенде қызығып бастадым. Абай орталығындағы үйірмеге жазылып, сол жерде мені алғашқы бапкерлерім Бақтығали аға кейін Рүстем Төлепов дайындады.
Бұл менің өзге қаладағы алғашқы жеңісім. Табандылық пен еңбек өз нәтижесін берді.
Атырау облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Саламат Торғаев:
- Бұл командада қаланың ең үздік баскетболшылары топтасқан. Алдағы жарыстар мен чемпионаттарға облысымыздағы ұлдарды іріктейміз.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті жас баскетболшылардың ата-анасы жолдады