Атырау, 28 қыркүйек 08:25
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тұрғын үй саласынан жұмыспен қамту бөліміне ауысты

834 просмотра

Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне ЖОЛДИЕВ Рафхат тағайындалды.

Р.Жолдиев 1984 жылы Атырау облысында туған. 2006 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап, менеджер мамандығын алған. Еңбек жолын 2004 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған. 2007 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Бүгінге дейін Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғын үй секторының меңгерушісі лауазымында болды.

Бұған дейін осы лауазымда болған Анар Жеңісова 2 ай бұрын отбасылық жағдайына байланысты өз еркімен қызметтен кеткен еді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

1 қараша 2023, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.