Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Ю. бұрын Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Ю. 2023 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатпен келіп, еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жұмысшы ретінде ЖШС-не жұмысқа орналасып, еңбек қызметін жүзеге асырған.
ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінің санкциясында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.
Сот қаулысымен Ю. кінәлі деп танылып, оның 63 жастағы азамат екені ескеріле отырып, оған әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмай, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.