Атырау, 28 қыркүйек 08:17
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Израильдің Газадағы босқындар лагеріне жасаған шабуылынан 400 адам қаза тапты

614 просмотра
Фото: aa.com.tr

Израильдің Газадағы босқындар лагеріне жасаған шабуылынан 400-ден астам палестиналық қаза тапты және жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы Джабалия босқындар лагеріне жасаған әе соққысынан қаза болкандар мен жараланған саны кем дегенде 400-ге жетті. Бұл деректі ХАМАС бақылауындағы Ішкі істер министрлігі келтірген.

Ведомствоның ресми баспасөз хатшысы Ияд әл-Бозом атап өткендей, «Израильдің соғыс ұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия босқындар лагеріндегі тұрғын ауданға әрқайсысында мың тонна жарылғыш заты бар жеті бомба тастаған».

«Израильдің бомбалауы салдарынан тұрғын аудан толығымен жойылды», - деді И.әл-Бозом.

Министрліктің хабарлауынша, таңертең Израиль күштері Газа секторының солтүстігіне кіріп, әл-Тавам аймағы және әл-Карама аумақтанына орналасты.

«Жердегі операцияның бір бөлігі ретінде Израиль армиясы қарқынды әуе шабуылдары кезінде Газа секторының бірнеше аймағына тереңдей еніп, ілгері жылжыды», - деген И.әл-Бозом израильдік күштерді бейбіт тұрғындардың үйлерін нысанаға алды деп айыптады.

Ол Израиль армиясының техникасы Газа қаласы мен анклавтың солтүстік бөлігін оңтүстіктен кесіп тастау үшін әл-Рашид көшесіне қарай жылжып жатқанын айтты.

Израиль қорғаныс күштері мәлімдемесінде Израиль армиясының «Газа секторының тереңінде» Хамасқа қарсы «қатты шайқас» жүргізіп жатқанын атап өтті.

Ал Anadolu агентігінің жазуынша, Израиль-Палестина қақтығыстары тұтанғалы бері Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 8525-ке жеткен.

Соңғы 24 сағатта Израильдің атқылауынан 219 адам қаза тапқан.

Соғыстан қаза тапқан арасында 3542 бала мен 2187 әйел бар.

Палестина эксклавының 21 643 тұрғыны жарақат алды.

Сондай-ақ 2 мыңға жуық адамның, оның ішінде 1100 баланың әлі қираған үйлердің қирандыларының астында екені айтылды.

1 қараша 2023, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.