Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 31 қазанда сағат 14:21-де «Алмагүл» ықшамауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындарынан 15-қабаттың балконында әйел адамның секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түскен.
ЖБО қызметкерлері сол жерге патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян САНСЫЗБАЕВ және Ильяс ҚОБДАБАЕВТЫ жіберді. Полицейлер күштеп (мұндай жағдайда басқа амал жоқ) әйелді балконнан пәтерге алып кіріп, онымен сөйлескен.
Белгілі болғандай, 28 жастағы Атырау тұрғыны жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
ПД жолдаған бейнежазба