Атырау, 26 қараша 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жазасын түрмеде өтейді

756 просмотра

Атырау қалалық соты пробациялық бақылауға алынған тұлғаға қатысты істі қарады. Кезінде бас бостандығын шектеу жазасын алған әйел жазасын өтеу тәртібін бұзған: қоғамдық жұмыстардан жалтарған, тіркеуге келмеген, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Бұған дейін Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторлары сотқа шартты жазаны нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолдаған. Сот қаулысымен жазаның өтелмеген бөлігі 1 жыл 9 ай 10 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Азаматша сот залында қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, қаулы заңды күшіне енгеннен соң 15 күннен кейін жазасын өтеу үшін қылмыстық-түзеу мекемесіне жіберіледі.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

31 қазан 2023, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.