Атырау, 23 қараша 12:40
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Израильде тұтқынға түскен неміс қыз Шани Лук қайтыс болғаны хабарланды

640 просмотра
Сурет әлеуметтік желілерден алынған

Израильде ХАМАС қозғалысының мүшелері тұтқынға алған Германия азаматы Шани Лук қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы оның анасы немістің RTL және NTV телеарналарына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, кеше қызымның енді тірі емес екені туралы хабар алдық", - деді Рикарда Лук. Әзірге бұл ақпарат ресми расталмаған.

Nature Party электрон музыка фестиваліне Израильге барған Шани Лукты палестиналық ХАМАС содрлары тұтқынға алған. Қыздың киімсіз жүк көлігінде жатқан кадрлары бүкіл әлемге тарап кетті. Болжам бойынша қыздың аяғы сынған. Қыздың жеке басы ата-анасының арқасында анықталған. Олар қызды шашы мен денесіндегі суреттен таныған.

Еске салайық, 22 жастағы Шани Луктың анасы қызының тірі екенін, бірақ Газа секторындағы ауруханада ауыр халде жатқанын айтқан болатын.


31 қазан 2023, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.