Атырау, 26 қараша 19:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Атыраудың» жанкүйерлермен кездесуі: Эффионгтан қолтаңбалар және 2024 жылғы маусымға өте батыл жоспарлар

892 просмотра

Абай атындағы орталықта ел чемпионатының қорытындысы бойынша «Атырау» футбол командасының жанкүйерлерімен кездесуі өтті.

Кенет бәрі асхананың есігіне қарай жүгірді. Нсунгуси ЭФФИОНГ достарымен жаңа ғана кіріп, қолтаңба беріп жатыр екен. Мен де атыраулық жұлдызбен суретке түсіп алдым.

Эффи (бір маусымда 8 гол, Евгений КОЗЛОВТА да сондай) біздің командада тағы бір-екі маусым ойнауға дайын екенін, бірақ даниялық клубтың басшылығы бұған қалай қарайтынын білмейтінін, өйткені оны «Атыраудың» жалдағанын айтты. Мен сөйлескен командадағы басқа шетелдік ойыншылар да «Атырауда» ойнауды жалғастырғысы келетіндерін білдірді. Ал олар, өздеріңіз білетіндей, көп.

Команда басшылары – футбол клубының директоры Эрнис ЕСМАҒАМБЕТОВ, бас менеджер Алишер АПСАЛЯМОВ және бас бапкер Виталий ЖУКОВСКИЙ қазіргі құрамды келесі маусымға қалдыруға келісімдерін білдірді.

Кейбір жанкүйер команданы ұстауға бөлінген бюджет қаражатының маусымда қалай игерілгені туралы басшылықтың осы жерде қазір есеп беруге шақырды. Интернетте жарияланған Атырау облысының футбол командасының бюджет көрсеткіші – 5,5 миллиард теңгеге қатысты тілшіңіз түсініктеме беруді сұраған еді. Оған Э.Есмағамбетов ол жерде 3 жылдың бюджеті көрсетілген деп жауап берді. Бұған негізгі командаға, жергілікті балалар мен жасөспірімдер футболына жұмсалған шығындар және барлық салық аударымдары кірген. ФК өз шотына бюджет қаражаты түскен бойда 12% ҚҚС аударады. Келер жылдың бюджеті қазіргі секілді – 1,2 млрд теңге.

Қорытындылай келе, мен басшылықтан алдағы жылға жоспарларымен бөлісуді сұрадым.

-  Әрине, биылғыдан да жақсы ойын көрсетуге, яғни 7-орыннан жоғары орын алуға тырысамыз, - деді А.Апсалямов. Команда соңғы рет 2015 жылы 7-орыннан жоғары көтерілген болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген автор

31 қазан 2023, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.