2013 жылы банкротқа ұшыраған «Атыраубалық» АҚ аумағындағы ғимараттар сенімгерлік басқаруға беріледі.
Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Бақтияр ХАМИДУЛЛАЕВ «АЖ»-ның 10 жылдан бері еш пайдаланылмай жатқан 10 гектарға жуық аумақтың алдағы тағдыры туралы сауалына жауабында хабарлады.
Бұл аумақ 2017 жылы қала балансына өтіп, содан бері «DS Kuzet» ЖШС-нің қорғауына алынған.
- Қазір Атырау қаласының әкімдігі бұрынғы Атыраубалықтың жерін жеке тұрғын үй құрылысына немесе басқа мақсатқа сату мәселесін қарастырып жатқан жоқ, - деп түсіндірді Б.Хамидуллаев.
Еске салсақ, бұған дейін редакция Қазақстанның балық шаруашылығының бұрынғы флагманының тарихы туралы материал дайындады. Ол кезде жерді одан әрі игеру туралы мәселе айтылмады, оның үстіне барлық ғимаратты бұзу жоспарланған болатын.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суреттерді түсірген автор