Бүгін, 30 қазанда сағат 11-лер шамасында Самал ықшамауданындағы Қарабура – Пыштанай батыр көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты орын алды.
Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 23 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі екінші дәрежедегі жолдан негізгі жолға шығып кетіп, "Hyundai" маркалы автокөлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан "Hyundai"-дың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Қазір тиісті құжаттар жинақталып жатыр.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА