28 қазанда сағат 12:10 шамасында Исатай аудандық полиция бөлімінің «101» қызметінің операторы 47 жастағы аудан тұрғынының үш күн бұрын Айбас елді мекенінде мотоциклмен мал іздеуге шығып, қайтып оралмағаны жөнінде хабарлаған.
Жақын туыстарынан түсінік алған кезде жоғалған азаматтың мүлдем ішімдік ішпейтінін, денсаулық жағдайының жақсы, ешқандай есепте тұрмағанын, сондай-ақ бұрын хабар ошарсыз кету дерегі орын алмағанын анықтаған.
Кешікпей Айбастан шамамен 30-40 шақырым қашықтықта «Ұлар250кб» маркалы мотоциклінің жанар жағармайы таусылып, қожайынсыз табылған.
Полицейлер азаматтың өзін Батыс Қазақстан облысы Жаңқала ауылынан тауып, үйіне тікұшақпен жеткізген.
Жоғалған азаматтың айтуынша, үйге қайтар бағыттан жаңылып, көрші облыстан бір шыққан.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облыстық ПД жолдаған сурет