Атырау, 26 қараша 19:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау соты жыл басынан бері 753 адамды көлік басқару құқығынан айырды

539 просмотра

Бұл туралы Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Тәтті УӘЛИЕВА мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

- Биыл көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару немесе осындай күйдегі адамның басқаруына берген 527 тұлға анықталып отыр. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша құқық бұзу. ӘҚБтК 596-бабы, яғни көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу бойынша 108 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды, - деді Т.Уәлиева. 

Сонымен қатар, ӘҚБтК 590-бабымен 25 адам, 610-бабымен 37 адам, 613-бабымен 18 адам, 611-бабымен 5 адам, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен 33 адам кінәлі деп танылдын.

Айта кетейік, ӘҚБтК баптарымен қаралған істер бойынша 6 ай мен 8 жыл аралығында жүргізуші куәлігінен уақытша айыру жазасы тағайындалды.

Ал облыстық ПД-нің хабарлауынша, мас жүргізушіні анықтау рейдтік жұмыстары күнделікті жұмыс жоспарына енгізілген.

30 қазан 2023, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.