Атыраулықтар Қытай елі, Ханчжоу қаласында өтіп жатқан lV Азия параойындарында дзюдо күресінен күміс және қола жүлдегер атанған жерлес спортшыларды күтіп алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Бүгін Қытай елінен Азия параойындарынан дзюдошылар оралып жатыр. Спортшыларымыз үлкен жетістікке жетті. Атырау облысыннан 7 спортшы барса, оның 5-і жүлделі орынға ие болды. Ол Атырау үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Бұл жарысқа біз Алматы қаласында дайындалғанбыз. Барлық бапкерлерге және қазақ халқына қолдағандары үшін алғысымды білдіремін. Жалпы жарыстың ұйымдастырылуы, өтуі жоғары дәрежеде болды. Бұған халықаралық қауымдастық та жақсы баға беріп отыр, - деді Қазақстан Республикасының парадзюдо жаттықтурышысы Жандос ҚИЯНОВ.
Айта кетейік, Азия параойындарында дзюдодан атыраулық Зарина Райфова, Жанбота Аманжол, Ерлан Утепов күміс жүлде, Ануар Сариев пен Ғалымжан Сұмағұлұлы қола жүлде иегері атанып отыр.