Атырау, 26 қараша 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Браконьерлерден заңсыз бекіре тұқымдас балықтар мен аңшылық қару тәркіленді

921 просмотра

«Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 21 қазан күні Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында «Бударка» қайығын тоқтатты. Тексеру кезінде 1965 ж.т. және 1968 ж.т. аудан тұрғындарынан 18,5 кг бекіре тұқымдас балықтары, 8,5 кг кара балығын және 2 аңшылық қару тәркіледі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабының 3-бөлігі («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екені занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Ақпарат үшін, браконьерлер алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алуы мүмкін.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

Атырау облыстық ПД ұсынған суреттер

28 қазан 2023, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.