26 қазан күні сағат 14:40 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Амандосов-Еркінов көшесінің қиылысында Hyundai Elantra автокөлігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Тексеру барысында, 1996 ж.т жүргізуші алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде көлік басқарғаны анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша хаттама толтырылып, тиісті шарасы қолданылды. 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, автокөлікті ішімдік ішіп басқармауды ескертеді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ