Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдегі аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ақпаратты жариялады.
Сонымен, 2023 жылдың 1 қазанында 987 отбасындағы 5657 адамға 400,1 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде 772 отбасындағы 4662 адамға шартты ақшалай көмек, 249 отбасындағы 1169 адамға шартсыз ақшалай көмек.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санаттарына жасалған талдау бойынша 18 жасқа дейінгі балалар – 67,1%, жұмыссыздар - 3,3%, көмекке жүгіну кезінде жұмысы барлар –12,0%, тәуелсіз қызметкерлер – 0,5%, зейнеткерлер – 0,5%, барлық топтағы мүгедектер – 0,6%, студенттер – 3,9%, бала күтімімен отырғандар – 11,0%, басқалары – 1,1% құрайды.
Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 1318 адамды құрайды. Оның ішінде 26-сы тәуелсіз қызметкерлер, 682-сі жүгіну кезінде жұмысы барлар, 191-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 419-ы бала күтіміндегілер.
Осы 191 жұмыссыздың 82-сі тұрақты жұмысқа, 127-сі қоғамдық жұмысқа, 13-і әлеуметтік жұмысқа, 1-еуі кәсіби біліктілігін арттыруға, 3-еуі жастар практикасына және 4-еуі кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға жіберілді.
Сонымен қатар, АӘК алатын 837 отбасындағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы 1593 балаға 47,9 млн теңгеге қосымша төлем тағайындалды.
Жомарт ӘМІРХАНОВ