Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі шенеуніктердің қызметтік автокөліктерді жеке мақсаттарына пайдалануға тыйым салады. Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида АХМЕТОВА (суретте) кодекстің осы және өзге де нормаларының орындалуын қадағалайды.
Егер сіз облыстың жергілікті атқарушы органдарының (Атырау облысы, Атырау қаласы және аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары, облыс әкімдігінің басқармалары, аудан әкімдіктерінің бөлімдері) мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдалану фактілерінің куәгері болсаңыз, Әдеп жөніндегі уәкілге 8 (7122) 31 93 50, +7 778 154 34 01 (WhatsApp) нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ