Төреші - голландықтар

2 795 рет қаралды

Атырауда «Назарбаев зияткерлік мектебі» жаңадан жетінші сынып оқушыларын жинай бастайды.

6 мамыр мен 7 маусым аралығында қазіргі уақытта 6-сыныпта оқып жүрген мектеп оқушыларының құжаттарын қабылдау басталады.  1 қыркүйекте олар 7-сыныпты «Назарбаев зияткерлік мектебінде» оқитын болады. Біз қабылдау ережелері туралы хабарлаған едік: оқу құқығына тестілеудің бүкіл кезеңдерінен жақсы өткен және «Өркен» білім беру грантын алған балалар ғана ие бола алады («АЖ» №50, 13.12.12 ж., «Элитарлы әрі тегін» жарияланымын қараңыз). Алайда емтихан процедураларының өзінде маңызды өзгерістер орын алды. Осы жолы және әрі қарай Атырауда Нидерландының Педагогикалық өлшемдер институтының (Cito) және Джонс Хопкинс университетінің дарынды жастар орталығының (CTY) зерттеулері негізінде жаңа тестілеу жүйесі қолданылады. Бұл ұйымдар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының стратегиялық серіктестері болып табылады. Тестілеу нәтижелері тікелей Нидерландыға жіберілмек, сондықтан енді аппеляциялық комиссия болмайды.

Тестілеу екі емтиханнан тұратын бір кезеңде өтеді. Олар екі күн ішінде өткізіледі. Бұрын бірнеше пәнге жалпы уақыт – 112 минут бөлінетін. Математика мен тілдер бойынша берілген сұрақтарға жауап беру үшін қанша минут жұмсайтынын баланың өзі шешетін. Жаңа жүйе бойынша әрбір пәнге қатаң уақыт белгіленеді. Мәселен, математиканың 40 тапсырмасын бала 60 минут ішінде орындауы тиіс. Әр тіл бойынша – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің 20 тапсырмасына 40 минуттан уақыт беріледі. Бүкіл тестілеуге 180 минут бөлінеді. Екінші күні үміткерлердің ойлау қабілетін бағалау тестісі күтіп тұр, оған тура77 минут бөлінеді, - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Атырау өкілдігінің директоры Тавиля АКИМОВА (суретте).

Ал басты жаңалық – Атыраудағы мектеп, бұдан бұрын мәлім етілгендей, химия-биологиялық бағытты емес, жаратылыстану-математикалық ғылымдарды баса оқытады. 

Бастапқыда, аймақ ерекшелігіне байланысты Атырау мектептері үшін химиялық-биологиялық бағыт таңдалып алынды. Облыстың мұнай-газ өнеркәсібіне бағытталғаны түсінікті, бірақ біз балалардың барлығына өз профильдерін табуға мүмкіндік беруді ұйғардық, - дейді                                                                          Т. Акимова.– Жоғарғы мектепте біз оқушыларға пәндерді таңдауға мүмкіндік береміз. Олар бойынша кейін биология, физика, химия, информатикадан қосымша сабақтар жүргізіледі. Пәндер бойынша балалардың ықыласы шамамен бірдей екенін талдау жұмыстары көрсетіп отыр. Сондықтан біз оларды бір бағытпен шектегіміз келмейді және анағұрлым ауқымды мүмкіндіктер ұсынамыз.   

7-сыныптарға жаратылыстану-математикалық ғылымдарға қабілеті бар 80 бала (20 баладан төрт сынып) жинау жоспарланып отыр.

Құжаттарды қабылдау бір ай бойына - 6 мамыр мен 7 маусым аралығында жүргізіледі. Емтихандар 22 және 23 маусымға белгіленген. Тестілер Атырауға Педагогикалық өлшемдер орталығынан (Астана қ.) келеді, ал үміткерлердің жұмыстары бағалану үшін, жоғарыда аталып өткендей, Нидерландыға Citoорталық кеңсесіне жолданатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.