Атырау, 26 қараша 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда прокуратура инвестордың құқығын қорғады

880 просмотра
freepik.com
Прокурорлар уәкілетті органдар тарапынан инвесторлармен жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын, өзара іс-қимылдың жоқтығын, олардың заңды құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өңірде 18 инвестор өз жобаларын іске асыруда, олар бойынша инвестициялар сомасы 4,6 трлн теңгені құрайды. Мысалы, 2020 жылы «Олимпик-Атырау» ЖШС-і туристік база мен атқыштар клубын салу жобасын мақұлдады. Өз кезегінде жергілікті атқарушы орган нысанға инженерлік коммуникациялар әкелуге міндеттенді. Алайда, жергілікті атқарушы органдар үш жыл бойы өз міндеттемелерін орындау жөнінде мүлдем шара қабылдамаған. Нәтижесінде инвестор 50 млн теңге салынған жоба құрылысын жүзеге асыруды мәжбүрлі түрде тоқтатты.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша инженерлік желілерді салуға бюджеттен 49 млн теңге бөлініп, инвестордың құқықтары қорғалды.

Прокуратураның негізгі міндеті - проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру. Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Атырау облысы прокурорының өкімімен Фронт-офис құрылды және тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-066-77-22).

27 қазан 2023, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.