29 қазанда "Тоттенхэм" стадионында атақ алғандар бас қосады... Сіз ойлағандай футболдан емес, бокстан. Өйткені, дәл осы күні жылдың ең медиа жекпе – жектерінің бірі-Тайсон Фьюри мен UFC экс-чемпионы Фрэнсис Нганну арасында өтеді. "Жыртқыштың" мүмкіндігі бар ма – оны сарапшылармен бірге талқылап көрейік.
Тайсон Фьюри (33-0-1, 24 КО)
Ауыр соққы тактикасы бар және тілі ұзын данышпан – бұның бәрі соңғы жылдардағы ең үздіктердің және медиа боксшылардың бірі "Сығандар патшасы" туралы . Харизма мен жарқын жекпе-жек стилі Фьюриге тек атақтарды ғана емес, бүкіл әлемге танымалдықты қамтамасыз етті. Тек қана шоумен деп айтайық десек, оның мансабына көз жүгіртсек оның олай емес екендігін аңғаруға болады. Британдық Владимир Кличконың үстемдігін аяқтады және Диллиан Уайт пен Дерек Чисора (үш рет) сияқты шыңдарды сенімді түрде мыжып тастады, оған қоса, даулы тең нәтиже деп танылған шайқасқа кек алу үшін Деонтей Уайлдердің өзін екі рет нокаутқа жіберді.
Фьюри рингте барлығын дерлік жасай алады. Бокстың тамаша техникасы, жылдамдығы, қорғанысы және аяқтарының керемет жеңілдігі – "Сығандар патшасының" басты артықшылықтары. Оған қоса оның тағы да қосып айтуға тұрарлық үстемдігі бар - нокаутқа жіберетін соққысы мен темірдей жақ сүйегі. Қажет болған кезде оларды іске қоса алады - оны Уайлдердің өзі растаған. Жалғыз кемшілігі - қарсылас тым байсалды болмаған кезде, Тайсон Отто Валлинмен болған жекпе-жектегідей бастапқы раундтарда өзіне босаңсуға ерік береді.
Фрэнсис Нганну (17-3 ММА (12 КО), 0-0 бокс)
Франко-камерундық спортшы нокаут соққысының мықтылығы есебінен UFC-де өз атын шығара алды. Алистар Оверим, Андрей Арловский, Кейн Веласкес және Стип Миочич сияқты шыңдар сол соққының құрбандары болды. Соңғысын жеңу арқылы (реваншта болса да) "Жыртқыш" ауыр салмақтағы белбеуге ие болды, шыны керек, ол оны тек бір рет Кирилл Ганнан қорғады – содан кейін ол үлкен қаламақы іздеп боксқа ауысып кеткен еді.
Физикалық күш пен көптеген жауынгерлерді нокаутқа жіберген мықты соққысы Фрэнсистің артықшылықтары болып табылады. Нганнудың техникасы ММА стандарттары бойынша лайықты болғанымен, кәсіпқой бокс үшін әлсіздеу. Бірақ "Жыртқыштың" негізгі осал жері - төзімділігінің төмендігі: белсенді қарқынмен өткен текетіресте ол 1-2 раундтың өзінде әлсіреп қалады, оны Миочичпен өткен алғашқы жекпе-жектен байқауға болады. Сонымен, ол бұл шайқаста 10-12 раундқа дейін жете ме, жоқ па – жауабын айтпасақ та, белгілі.
Аналитика мен болжам
Бұл жекпе – жекте ешқандай интрига жоқ - Фьюри Нганнудан барлық жағынан 10 есе мықтырақ, ал Уайлдердің соққыларынан кейін Фрэнсистің соққылары жастықпен ұрғандай болып көрінеді. Parimatch сарапшыларының да пікірі солай: "Сыған патшасының" жеңісіне 1.12, ал "Жыртқышқа" болса 8.00 коэффициенті ұсынылған. Оған қоса, жеңіс барлық раундтар қашықтығынан өтпей, ерте болуы мүмкін: жекпе-жектің ортасына қарай Фьюри ойнаудан шаршайды да, французды "ұйықтатып" жібереді. Сарапшылар жекпе-жектің 6 раундтан аз уақытқа созылатынына 1.85 коэффициентін береді.