ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Матин Петролеум» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорын Жылыой ауданындағы Қара Арна, Шығыс Көк Арна және Қызылқоға ауданындаға Матин мұнай кен орнындағы көмірсутек шикізатын барлау және өндіру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асырады.
Профилактикалық бақылау барысында 79 нысан тексеріліп, бірқатар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылушылықтары анықталды:
- Оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу жоспарлары мен актілері, сондай-ақ оқу дабылдарын өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар ету жоқ;
- компания басшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін тексеруді тапсырмаған;
- Матин кен орнының ұңғымаларының түсу желілерін қабылдау сынақтары туралы мәліметтер жоқ және т.б.
Инспекторлар профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ