Атырау, 26 қараша 19:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шекарада жүк көлігінен 5,6 тонна химикат анықталды

980 просмотра

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Volvo» автокөлігіне ҚР мен РФ мемлекеттік шекарасында экспорттық-шекаралық бақылау аймағынан өту кезінде (бағыты: РФ Волгоград облысынан ҚР Павлодар облысына) салықтық-кедендік бақылау жүргізді.

Бақылау барысында ««Собиратель DSB» анықталды (химикат, мөлшері: 5 600 келі, құны: 2 302 300 теңге). Бұл тауар СЭҚ ТН кодына сәйкес, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің СЭҚ ТН «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілгендіктен (2023 жылғы 9 маусымдағы №424 қаулысына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды тексерілді.

Бұл қорытындының растығына күмән тудырғандықтан, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жолданды.

27 қазан 2023, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.