Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Болашақ» ықшамауданы тұрғындары жаңадан салған баспаналарына он жылдан бері қоныстана алмай жүр. Өйткені бұл ықшамауданға инженерлік инфрақұрылым толық тартылмаған.
- Осы ықшамауданда жеке адамдар 100-шақты үй тұрғызды. Бірақ салған үйлеріне кіре алмай жүр, ток пен судан басқа газ да жоқ, - дейді тұрғындар.
Сонымен қатар оларды жол мәселесі алаңдатады. Жылыой аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "АЖ"-ға хабарлағандай, қазір жол салу құжаттамасы сараптамадан өтіп жатыр. Келесі жылы қаржы бөліне бастайды.
- Құлсары қаласындағы «Болашақ» ықшамауданын газбен жабдықтау жұмысын «АлияСервис» ЖШС атқарады. Газ жүргізу құрылысы қыркүйек айында басталды, мерзімі - 7 ай. Бұл жұмыс аяқталғанда 2071 үй газбен қамтамасыз етіледі, - дейді Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек АҒЫРАЕВ. - Бүгінде 78 шақырым жолдың 25 шақырымы салынып тұр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әкімдік ұсынған суреттер