Өткен аптада Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақырылғандарды елдегі ең ірі артиллериялық бригадада қызмет етуге жіберді.
Әскерге шақыру науқаны аясында 25 жігіт іріктеліп, Семей қаласына қызметке жіберілді. Болашақ Отан қорғаушылар қызмет орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жолаушылар ұшағымен ұшып кетті.
Оларға өз елін қорғау үшін нағыз жауынгерлердің дағдыларын меңгеріп, бойларында ерлікке тән қасиеттерді тәрбиелеудің маңызды екені түсіндірілді. Ал қызмет мерзімінің соңына қарай олар СРОЧНИК 2.0 бағдарламасының мүмкіндігін пайдалана алады, соған сәйкес қызметтен босағаннан кейін еліміздің жоғары оқу орындарына емтиханынсыз, ҰБТ тапсырмай, тегін түсе алады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ