Атырау, 26 қараша 19:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі

Бейнежазба
629 просмотра

«Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 17 қазан күні Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып, тасымалдаған Дамбы ауылының 1975 ж.т. тұрғынын анықтады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 96,3 кг құрайтын 27 бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 339-бабы 1-бөлігімен ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.


27 қазан 2023, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.