Атырау, 26 қараша 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда шағын есірткі плантациясы жабылды

557 просмотра

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» іс-шарасы кезінде Махамбет ауданының 1969 ж.т. тұрғыны тыйым салынған өсімдіктерді шағын алқап түрінде егіп-өсіргенін анықтады.

Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында 31 дана ерекше иісі бар өсімдік түптері және кептірілген есірткіге ұқсас заттар тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар марихуана есірткісі екені анықталды. 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

27 қазан 2023, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.